👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  42


Автор: Талғат Орманов

БАҚ БЕРСІН АЛЛАМ БАСЫҢА

Бауыржан баба қасына,
Бастық боп келдің асыға.
Қазақтың қайсар қызысың,
Күлия құрдас тасыма.
Арқаңды атаң қоздыра,
Құрысын жауырын жаздыра.
Жіберсе барды сала біл,
«Мәдени мұра» мол мұра.
Етпегей тірлік асыға,
Бітірген іске тасына.
Өркенді елде жүрмесін,
Сау басты көрші басына.
Үлгі алсын кәрі –жасы да,
Тірліктен дәйім асыға.
Халыққа қызмет абырой,
Мерейді жүргін асыра.
Біз барда ешбір жасыма,
Жал-жая қазақ асы ма?
Жаманды жасыр, барды асыр,
Бақ берсін Аллам басыңа.
Басшы боп талай сөгерсің,
Ұлт қамын жесең өгейсің.
Біздерден қалсын жақсы іс,
Іштарда өсек көбейсін.
Шырайлы Шымкент көрікті,
Тізгінін сала сеніпті.
Тілектес саған шынайы,
Ақын-дос өлең өріпті.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы