👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  41


Автор: Талғат Орманов

АБЗАЛ ЖАН

Оқу бітті, жолдама алдың Шаянға,
Деген сынды жел өтінде аяңда.
Апта соғар Арыстанды-Қарабас,
Қарасуық жан таппайсың қоярға.
Тілшіміз ғой мамандық та кезбелі,
Жамандаймыз кейде мақтап өзгені.
Райком, бюро сынағанды талдайды,
Біз жазғаннан талай жайлар өзгерді.
Жас та болсақ көрдік талай дөкейді,
Болмашыға ұрсып ретсіз көкейді.
Жалғыз желең боп жүргенде көңілім,
Бір жылдан соң жаңа леппен кеңейді.
Қаптап кетті мамандығын сүйгендер,
Шалғай елде ақ халатты кигендер.
Есімхан да, Есенбек те, Молдабек,
Сексен төртте табандары тигендер.
Қостанайша шай береді Жұмагүл,
Тік мінезді, ашық жарқын дара гүл.
Қызылордаша Гүлсім жеңгей шай құяды,
Таусылмайтын, мәз-мейрамды шақтар бұл.
Молдабекпен онда екеуміз бойдақпыз,
Болмаған соң үй-жай Отан ойлаппыз.
Пәтер жалдап әрең күнін көргендер,
Үйлерінен шай ішуді қоймаппыз.
Бір жылдан соң Марат келді Дариға,
Кембағалдар басты қосса жари ма?
Келіншегі қосақтасқан Әлібек,
Күндіз жұмыс, кешке жиын , дари-да.
Дәу бас Бақыт, Қайрош достар қимайтын,
Айылдарын таң атқанша жыймайтын.
Жергілікті болғаннан соң ойына,
Басты қосып, ерекше бір сыйлайтын.
Ұзын Қайрат жүрер мангал арқалап,
Бала-шаға қыр гүліндей жайқалады.
Шаян өзен аңғарында демалыс,
Дәмді кәуап жеген адам жай табады.
Сол күндерге ширек ғасыр өткен-ді,
Ұл-қыз өсіп, бой түзеуге жеткен-ді.
Ер жасына Есілханым толғанда,
Тебірене өлең еттім кеткен-ді.
Сол достардың бәрі үйлі-баранды,
Бүгін елге қызмет еткен жарамды.
Амандығын сырттан біліп-қуанған,
Шақтарымда күй кернейді санамды.
Қосағымен шуақты шақ көруде,
Ықыласпен елге көңіл бөлуде.
Келмесе екен ұят елге – ағайын,
Деумен досым сергек келді 50-ге
Кешегі жас бүгін бастық ауданда,
Сағынасың елге көңіл ауғанда.
Іздеп барсаң кейде таппай қайтасың,
Келер қонақ көбейген-ау ауданға.
Абзал жансың елдің туған бағына,
Әзілдейсің, сылқ-сылқ күле қағына.
Қонған шақта қияларға қыздарың,
Қауышайық құдалықта сағына.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы