👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  48


Автор: Талғат Орманов

АЗАМАТ ӘЛИГЕ

«Қазығұрттың басында кеме қалған,
Ол әулие болмаса неге қалған».
Деп муңдылау әуенмен алғашқы рет,
Домбырамен есте ән Әли салған.
Сол таныстық жалғасты алғы шенге,
Ол атқарған жанды іс таныс көпке.
Болды басшы жастарға саясатта,
Сала білді сара жол,болмай өкпе.
Әкім болды аудандарда арынды,
Өзгертуге тырысты ескі сарынды.
Шешпесеңде бар түйінін мәселе,
Мақсатты іске сала білдің барыңды.
Азаттықпен көтерген ауырлықты,
Шыңдалғасын жасадың қауым мықты.
Көп ұлтты ел достығы басты мақсат,
Төккен терің қолдаған бауырлықты.
Елге басшы табылар ділі қандай?
Деген сауал қақтырмас сірә таңдай.
Ұлтжанды ма,жоқ әлде жылтыр ма екен,
Деген ойлар халықты мазалайдай.
Оңтүстіктің Ұланы сендей болсын,
Бәле ойлаған біздерге кемдеу болсын.
Талап-жігер табылар талбойыңнан,
Бар тірлігің кемшілік жөндеу болсын.
Жүрекжарды ақын жазды сезімді,
Сабырлы бол, саясатта төзімді.
Сенші досым, ұлжанды ұл сөзіне,
Қалың елің қадір тұтады Өзіңді.
Жайдары ұлды мына бізден көреді,
Ықыласың шексіз бізге төгеді.
Саясатта қой кезегі секілді,
Көп ұзамай бізге кезек келеді.
Алмасберен секілді әркез жарқылда,
Сезім қылын шерте біліп қарқында.
Өзің барда бізге қызмет не керек,
Үндес ойды айта білгін сарқылма.
Біреу жоғын, біреу ән сап шешеді,
-Деген сөзді қазақ айтқан кешегі.
Қазақ надан... деген орыс өсегі,
Рухты ұлдар көкейлерін теседі.
Заман нарық, ел жағдайын білейік,
Қалың жұртқа қамқоршы боп жүрейік.
Атамекен, Отан- Ана болған соң,
Ортақ іске қос білекті түрейік.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы