Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  111


Автор: Талғат Орманов

ҚЫЛЫҚТЫ ҚЫЗ КУРСТАС

Ерданқұлдың қызына айтар назым,
Анаң жайлы толғана повесть жазғын.
О,-дүние есігінде көріп қайттың,
Қол ұшын да созғанбыз шақта азғын.
Ай мен гүлден тұратын есіміңді,
Шырылдап шыншыл айтар кесіміңді.
Қадірлейміз қастерлеп қасиетіңді,
Тәуба,- дейміз иманды шешіміңді.
Толықсып келе жатсың толған Айдай,
Қылықты қыз – курстас сөзің дәмді-ай.
Аманғали аға бар ортамызда,
Ұғындырған сыйластық жайын балдай.
Оңашада қамығып күрсінерсің,
Оңға тірлік баспады ісім дерсің.
Сабыр сақтап сәл ғана үміт артсаң,
Бақ келгенін баянды түсінерсің.
Дос жоқ дейсің, замандас қане, қайда?
Қиял-ойың көкжиек... аспанда Айда.
Жерге түс те ұқызмет қыл азат елге,
«Тәуелсіздік тұғырың» соны ойла.
Әбекең тартынбайды барлық істен,
Көрінбейді біздерде келін түскен.
Фако, Едош үйленер, сен Жандостан,
Үш немере өрісің, мерей үстем.
Қайырғали курстас ата болған,
Шығармашылық айшықты ерте қонған.
Серікқали Жексенбай, Қалбырова,
Базаркүл бас редактор тасып-толған.
Жалиліңмен ертең-ақ орын толар,
Көтер еңсе, Динарамен бақ кеп қонар.
Мерейтойда жарқылдап жайнап жүрші,
Ұзақ емес ол күнде бағың жанар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу