Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  103


Автор: Талғат Орманов

ҚОС ҚУАНЫШ

Ұлың алғаш күлгенде,
Мәз боп Бекзат жүргенде.
Төбең көкке жеткендей,
Бүгін тұлпар мінгенде.
Алматыда туылған,
Суды шашып жуынған.
Шақтар есте Камила,
Қуырдағын қуырған.
Қазбек қайным киелі,
Көңілге сыр түйеді.
Қонақ етті төрінде,
Жезде-әпкең сүйеді.
Сипатпаған сауыры,
Әулетінде тәуірі.
Дос-жараны таусылмас,
Ақкөңіл жан бауыры.
Болып кеткен білгенге,
Там салыпты бір демде.
Ойдағы үй бітіпті,
Жөн іс бопты күлгенге.
Уайымың жоқ болсын,
Ұл-қыздарың шоқ болсын.
Тойың тойға ұласып,
Берер шайың көп болсын.
Тілектес жан табылған,
Аз ба туыс ағылған.
Қоныс той мен сүндет той,
Құтты болсын сағынған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу