Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  75


Автор: Талғат Орманов

Өткен күнді жазып жүрмін ескеріп...

Өткен күнді жазып жүрмін ескеріп,
Арамызда қалатындай естелік.
Жалған тірлік жалықтырды ақынды,
Өтірікті айтып бекер бөспелік.
Талайлар жүр мемлекетке жалданып,
Қызмет қуған барына жүр малданып.
Ұл-қыз керек Өркениетке саналы,
Білімді ұрпақ қалма босқа алданып.
Нағыз ақын ұлттың қамын толғайды,
Тектілердің ұлттық рухын сомдайды.
Арыстарын алты Алаштың әспеттеп,
Келер ұрпақ зерделеуін ойлайды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу