Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  76


Автор: Талғат Орманов

ОЙЛАНҒЫН, БАУЫРЫМ, ОЙЛАНҒЫН

Аллам қуат берген соң,
Сәйгүліктей желген соң.
Құрмет тұтқан қауым- жұрт,
Оза топтан келген соң.
Соңынан аға ерген соң,
Ұрпаққа көңіл бөлген соң.
Әруағын тербетіп,
Бабаға Ас берген соң.
Ағайын ойлан, ойға шом,
Шілдеде қатар қазір «тоң».
Сайраған тілі істе жоқ,
Солақай тірлік, қайда оң.
Тәуір де көрген талайлар,
Пысықтар салған сарай бар.
Тәубе де, шүкір бір Құдай,
Белгілі кімге арайлар.
Халқыммен жүрек кеңессін,
Биікпін ұлттан демессің.
Басын да жұлған Шыңғыс хан,
Сол достан артық емессің.
Байлықпен биік шоларсың,
Сайтанмен биік қонарсың.
Жүрегің айнып жылпостан,
Әуліңде жалғыз қаларсың.
Асыға күткен көрермен,
Маңдайға жазса көрер ең.
Сайраса жарың айлалы,
Тыңдасаң ол да өлермен.
Өтірік сөзге тойғанмын,
Жат әдет бойдан жойғанмын.
Досыңмын, бауырым деу үшін,
Ойланғын, жігіт, ойланғын.
Құдайым сақта жасықтан,
Талайлар жүрген тасып паң.
Азаттық айбын ұлтыма,
Алашапқын тірлік асыққан.
Қарабігіз ұлың кекілді,
Отан деп, ел деп жетілді.
Қорғауға жерін алмастай,
Сұңғыла семсер бекінді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу