Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  59


Автор: Талғат Орманов

НАЗ

Алданып қалдым, алданып қалған жандаймын,
Түк келмей қолдан жалданып қалдым, қандай мұң.
Қарауылбек, Дулат, Мархабат сынды тарландар,
Соқтырды санды, сезімге орап Арай күн.
Ол аздай жүйке Тынымбай, Нәсір тоздырды,
Кезінде Одақ, биікке қолды создырды.
Тәуелсіз елде өз-өзін мақтап «дарындар»,
Анықтап көптен, меценат-тұлпар оздырды.
Тәжірибе жетеді, Теріскей - Күнгей қалайды,
Бағалап пейіл, тәуір бір жанға балайды.
Ел үшін, - деген, ұлт үшін, - деген мақсатты,
Көрінеу көптер, қисынсыз тірлік санайды.
Үмітпен жетем, ертеңгі күнге сеніммен,
Айырма Тәңір, салт-дәстүр алтын кенімнен.
Құрбандар қыршын, серілер сегіз қырлылар,
Желтоқсан желі - ызғарлы екен, өлімнен.
Бейбіт күн бүгін, мұң жатыр талай тартып та,
Алаңға шық деп, біреулер қолқа артып па.
Сан ғасыр бабам, аңсаған әркез Азаттық,
Жолын құрбан, солардан жаным артық па.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу