Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  71


Автор: Талғат Орманов

ТӘЛІМ

Жанжүректен салмасаң, әнді, сірә?!
Жете ме құлағына жұрттың мына.
Ақан сері, Біржан сал шырқаған ән,
Неліктен қалды халық құлағында.
Ұлттың жайын еркелеп ұлтжанды ұл,
Айналдырған өнердің бұлағына.
Берекені аңсаған жанда төзім,
Шынайы махаббатта айтар сезім.
Серілердің сынығы болдық па, әлде?
Тірлігімде оңалған айтар сөзім.
Қашанғы мен біреуді қайталаймын,
Одан да айтсам қайтеді енді өзім.
Етжүрек тебіренген шекер балдай,
Ісіме риза жұртым қаққан таңдай.
Тәуелсіздік рух берді, Отаншылдық,
Өмірім өрнектелген баспалдақтан.
Елбасымен еркіндік бастау болып,
Өркениетке адымдап барғам самғай.
Айтарым ізгі тәлім алса тұлға,
Біз бір жан таудан аққан болмас жылға.
Қазақтың қаһарманы Момышұлы
Бауыржан бабам менің өшпес тұлға.
Майдандағы ерлігін былай тастап,
Айтқан сөзін сіңірсең сыймас жырға.
Жазғаны болар ұлға дұрыс келіп,
Жатады түйсең ойды көңіл бөліп.
Атағы мен тағына қызықпаған,
Одаққа да көрмеген басын иіп.
Талай жылпос алған ғой «сыбағасын»,
Жас өркен алған да жөн мұны біліп!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу