Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  57


Автор: Талғат Орманов

КӨҢІЛ ПЕРДЕСІНЕН

Қан қысым көп, көше сыймай көлікке,
Заман туды жандарға қу желікпе.
Сайлау, биік арманы - ұрпақ емес,
Көңіл айтып жүр тобыр тек елікте.
Аз қазақтар жүз-жүзге де бөлінген,
Басымды иіп, орын берген төрімнен.
Бақ сынамақ бір атадан төрт бауыр,
Артық боп тұр, дауыс беру өлімнен.
Құйтырқы іс, үдегендей шамалы,
Тірлік тендер, пендешілік амалы.
Тәуелсіз ел, бармақ басты – көз қысты,
Кімнен ұрпақ ертең үлгі алады.
Ұлт үшін бір қысқан шақта жыр толғақ,
Айтар Абыз қалды ма екен шын толғап.
Жәутең қаққан ұрпақ отыр балауыз,
Қара қылды қақ жаратын кім болмақ?!
Жарасымды толысып Ай толғаны,
Мерейлісің ерттеп мінсең жорғаны.
Өркениет, жаһандану деп жүріп,
Ар болмасақ, осы күнге болғаны.
Р.S. Біз де адамбыз білетін жанның парқын,
Ұнатпаймыз пендені жүрер салқын.
Бұлтты күні шуақ шаш шамаң келсе,
Азамат бол, ұлтжанды ашық-жарқын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу