Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  120


Автор: Талғат Орманов

Жаманның да жақсылығын тани кет...

Жаманның да жақсылығын тани кет,
Алдан тосқан үміттерге бәлкім сеп.
Өмір сүру қиын, қызық дей көрме,
Азат елдің шоғын үрлеу ғанибет.
Заман – нарық бойкүйезді емдерсің,
Маздап жанар жастарыма ден берсін.
Нұрлы шуақ төккен шақта елімді,
Күллі әлемге бізді кімнен кем дерсің.
Құныққандар алғанына қарай мас,
Параменен бой көтерген сарай лас.
Құныққанның құлқыны еш тоймаған,
Шамаң келсе кемшін жұртқа қарайлас.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу