Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  81


Автор: Талғат Орманов

ӨЛЕҢ - ӨМІР

Болған соң, құрметті елге Садық әкем,
Ақын боп, суырып сап өлең төгем.
«Қыз жақтаған» тапқан соң, сұлу сері,
Жамалдай анамызды қалай сөгем.
Көзіндей Саттар, Мұхит ата-баба,
Болып тұр әрі аға, әрі көкем.
Ойлансаң қу тіршілік өтеді екен,
Құдай алса бауырыңды болғын бекем.
Рухына бабалардың сай ма екен деп,
Жаныңдағы жақсыны ап сынайды екен.
Торғайдай жүрегіңді шырылдатып,
Жаннан безсең, өлімге қимайды екен.
Ел деп тұрсаң ағайын алалайды,
«Айналайын» деуге ағаң жарамайды.
Аллам берсе ой-өріс, кең көкжиек,
Қу тірлік қуған жандар қаралайды.
Ұлт үшін туғаннан соң ұлық болып,
Кішік бол, тарих өзі саралайды.
Ержігітке өсек сөз жарамайды,
Періштелер 40 күнде аралайды.
Болмасаң шыққан еге аузыңнан сөз,
Бір мүшеңді кем етіп жаралайды.
Берік болсаң бауырым салт-дәстүрге,
Оябын тапса да жау ала алмайды.
Жұлдызым биіктерге самғағандай,
Жанымда бауыр-іні қалмағандай.
Солар өссін, болсыншы, - деп жүргенде,
Міндет артып, ісініп...қоймағандай.
Бетке айтуға дәрмен жоқ, сыртта сыпсың,
Алдағы үміт, арманды алдағандай.
Жүргенде іс бітірем болсын ерек,
Өнеге - із, келешекке қалсын бөлек.
Жалғыз қалдым, ұлдарым жанға жалау,
Мұндай бейбіт заманың кімге керек.
Сан мың жылдар аңсаған - Азат күнім,
Осы болсын жетістік...бізден дерек.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу