Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  69


Автор: Талғат Орманов

БІРЕУЛЕРГЕ

Сен деп айтсам,
Жан жүрегің езілсін.
Көштен қайтсам,
Серілігім сезілсін.
Жебе тартсам,
Нысананың көзісің.
Сенім артсам,
Сумақайдың өзісің.
Ұрлап ойын,
Өзгелердің «дарасың»…
Тұнған бойы,
Бос кеуде боп барасың.
Алда тойың,
Ұқсай сөздің сарасын.
Көп қой қойың,
Алма достар наласын.
Бос сөз қойғын,
Тапсын ойлар жарасым.
Қойды сойғын,
Шәй мен алғыс аласың.
Сылқым сұлу
Жолықтырған тосыннан.
Жастан жылу,
Артық боп тұр досыңнан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу