Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  110


Автор: Талғат Орманов

«Самал» базар өртенді, «Бекжан» қара...

«Самал» базар өртенді, «Бекжан» қара,
Саудаменен күн көрген жұртым нала.
Бейнетімен қара нан жеген халық,
Қара бала қамын жеп билік ада.
Зарын ұғар кім бар-ау мұңлы Ана,
Шетел асқан жәутеңдер жетім бала.
Оңай олжа тапқандар, ұрпақты ойла,
Қап арқалап күй кешкен Ару-дана.
«Иманыңды серік ет» деген баба,
Обал-сауап ұмытпа, жаппа жала.
«Ашыққаннан-құныққан» жаман деген,
Жемқор алмай тірлігің бітпес пара.
Өркениетке апарар бірлік қана,
Отты жырлар Рух берер маздап жана.
Бес адамды қаққанға бес жыл берер,
Неткен «әділ» прокурор, сотқа қара.
Өкініштен сыздайды жүрек жара,
Кейпің суық, мұздайды бермен қара.
Байлық-мансап қолыңда еріген мұз,
Барар жерің белгілі жерге қара.
Тәуелсіз ел қажет-ақ биік сана,
Жаңа тұрмыс, жаңа әлем, бәрі жаңа.
Ұлт тірлігін жылжыту асыл парыз,
Жетпей тұрған әттең-ай, ілім ғана.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу