Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  106


Автор: Талғат Орманов

ӨРТ

Тау бөктері қап-қара, дала қара,
Қарапайым қара жұрт болған нала.
Біз кінәлі емеспіз, бәрі жала,
Шық жұқтырмайды атына әкім-қара.
Жайлым да қалмапты малға қара,
Ойлап едік сіздерді әкім дара.
Сұлу сылқым жүрістен еш пайда жоқ,
Халық қамын ұмытпа бара-бара.
Соқпақ салар кез келді тыңнан сара,
Өзекті мәселе көп бітпес жара.
Ауыл әкім, кең дала бәрін сипап,
Өкпе-назға ұласпасын біздің ара.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу