Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  46


Автор: Талғат Орманов

ДЖИП

Армандаған көлік,
Германиядан көріп.
Шетел астық шұғыл,
Қыпшақ- Марат еріп.
Сәлем елден беріп,
Ит өлгеннен келіп.
Араладық шетел,
Беріп “Евро” көрік.
Полицейлер төніп,
Біз тұрмадық сөніп.
Тілін тауып шықтық,
Айтқанына көніп.
Мініп шетел көлік,
Жолда қалмай өліп.
Жеткеннен соң үйге,
Сүйсінді дос көріп.
Сәйгүліктей желіп,
Сырттан ойлар теріп.
Әрең келдік елге,
Ерік жасқа беріп...
Жүрміз көңіл бөліп,
Ас-суына төзіп.
“Қара тұлпар” хақында,
Өлең жаздым өріп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу