Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  78


Автор: Талғат Орманов

ЖАР СЫРЫ

Жүгенсіз кеткен айғырдай,
Жүрдіңіз пірім, қаншама Ай.
Өтірік болса айтшы өзің,
Мойындай білші таңданбай.
Қосағым деді бұл жүріс,
Болды ғой бізге құт-ырыс.
Жымия күліп соңынан,
Шомды бір ойға тым-тырыс:
- Тиісті бізге талай жан,
Жүрдік қой шыдап болмай паң.
Келемеж етті достарың,
Шай ішіп төрде мас болған.
Ызғары күннің секілді,
Кеткен соң талай өкінді.
Елемей желдей сөздерін,
Келтірдік ұлдар кекілді.
Бізге де көңіл бөліңіз,
Тектіге даяр төріміз.
Тұлғаларды түгендеп,
Құрметті болу жөніңіз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу