Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  84


Автор: Талғат Орманов

БАЛАМА

Ғасыржаным, Гасилөгім, Гасентай,
Бұл дүниеге өзің келіп болдық бай.
Нұрын төккен шаңыраққа шуақсың,
Отбасына болып тұрсың, Күн мен Ай.
Ұлың тентек,- дейді ағайын басылар,
Шоқ болған соң, тал бойында тасынар.
Садық атты атасы оның Нартұлға,
Шақ та туар бәйгелерде жосылар.
Қылжақтайсың, жиі маза аласың,
Сол мінезбен сүйкімденіп барасың.
Үміт артам, еркелетем-шолжаңсың,
Балшырынсың, бұзықтаусың, данасың.
Әкең талай жақсыларға ерген-ді,
Тәуір тірлік болса, көңіл бөлген-ді.
Ғұмыр сыйлай, жатса Алла-тағалам,
Дұрыс көрді, иманды боп өнген-ді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу