Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  123


Автор: Талғат Орманов

ЖАЙЫҚҚА

Сағындым ұлым үйіңнен жүрсің алыста,
Заманың нарық бәйгеге түстің қалыспа.
Шет тілін терең меңгергің алдан тосады,
Өркениет ғажап, еліңді Азат- жарыcта.
Күйкі бір тірлік күйбеңін күнде өткеріп,
Қиындау тұста сүлдесіз жанға от беріп.
Жүрген бір шақта сыпсың сөз көптеу сыртымнан,
Жүрмесе болды бір Аллам мұны көп көріп?!
Бәйге мен соғыс тұрады балам шығыннан,
Дәм татпас Жеңіс тәуекел етпей бұғынған.
Ақ пенен қара, Күн мен Түн сынды теңесер,
Асықпа ұлым жөн болар мұны ұғынған.
Таң атса бізде кеш батады дейді сендерде,
Байлары көптеу, аз емес шығар кемдер де.
Еділ мен Ғасыр артуда саған бар сенім,
Үмітін ақтап қайтарсың шет тіл меңгере.
Анашың Ләззат күнде еске сені алады,
Білмеске арзан, сүйгенге маржан саналы.
Жакошым ,-дейді, Жаконтай ,- дейді қайталап,
Сағыныш табы сарғайтып реңін барады?
Ғалымжан бөлең сөйлестім дейді сенімен,
Қорғады диплом айтады сөзді жөнімен.
Алаңдап саған халіңді сұрайды бауырлар,
Шүкірлік етем тілектес жанға көрінген.
Отаның ыстық алыста жүріп сезінгін,
Ұйықтасаң балам еске алып елді көз ілгін.
Жырақта жүріп сағыныш сазын саларсың,
Ән қылып ұлым таусылмай тағат-төзімің.
Жасарсың елді Барыс боп келер жақұттан,
Айналса басың айналсын әркез бақыттан.
Бауыржан баба басында берді батасын,
Қаһарман аға әкеңе батыр Бақытжан.
Жалыңды ұлым бәйгеге қосып тарадым,
Ұлтыңа қызмет етерсің жаным-қарағым.
Сарқыты сенсің майдангер-сері Садықтың,
Артамын үміт үдеден шықсаң жарадың?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу