Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  86


Автор: Талғат Орманов

ЕДІЛІМЕ

Тасысын деп арнасынан аташың,
Есім берді, қабыл алған батасын.
Тұла бойың тұнып тұрған тылсым жыр,
Қызмет ұлтқа, еткін ұлым – боташым.
Көзге ілме өзге жұрттың қатесін,
Босқа өтеді бар ғұмырың қайтесің.
Сенім артқан Садық атаң үмітпен,
Үдеден шық, арманыңа жетесің.
Айтқан сөзім болмасыншы жауырда,
Туылғансың қалың нөсер жауында.
Ағыл-тегіл мұңын шаққан көк аспан,
Бар тілегім аман болшы, ауырма.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу