Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  114


Автор: Талғат Орманов

АҢШЫҒА

Ақүлек дана атанған,
Әзберген атты бабамыз.
Орманнан сынды бата алған,
Секілді мерген ағамыз.
Аңшылықта берген де,
Содан Мұхит ағама.
Соңынан шәкірт ергенде,
Қызғанышпен қарама.
Боралдайда тұнық су,
Мөлдіреп ағып жатады.
Кірбіңін көңіл кел де жу,
Ортаймас ешбір атағы.
Оябы келіп тірліктің,
Тұсауы мақсат шешілер.
Анашым барда бірліктің,
Арқасы мерей өсірер.
Сағыныш деген тылсым-ой,
Санаға мойын бұрғандай.
«Арада өсек, - сыпсың ғой,»
-Деп әкем кейіп тұрғандай.
Шаршаса тауы қасында,
Таппайсың, Десең жүздесем.
Бақытың тұрсын басында,
Тілегім бар бол, жүр есен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу