Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  102


Автор: Талғат Орманов

ЖЕҢЕШЕ

Бегімкүлдей жеңешем алтын деңіз,
Көңілі толқып тұрған ол бір теңіз.
Ғани көкем әлі де жас жігіттей,
Ұл-қыз сүйіп, немере келді жетпіс.
Келіндері қылықты сәлем салған,
Немерелер сүйікті тәтті балдан.
Қайсар, Мұхтар, Айдары елпілдеген,
Ұққаннан соң тіршілік мәні жалған.
Бүгін жырға ақын боп қосамында,
Тұлпар болып бәйгеде жосармында.
Қарапайым ұзтазды басшы еткен,
Бір құдайым, сосын көке қосағыңда.
Қол ұстасып зейнетке шықтыңыздар,
Өмір мәнін тереңнен ұқтыңыздар.
Жетпіс желіп, сексеннен секіріңдер,
Аман болсын тоқсан-жүз, ұл-мен қыздар.
Терең ұғар тірліктің мән мен жайын,
Үлкен үйде Дина бар, Мұхит қайның.
Жастық шақтан бірге өскен Жора көкем,
Тілектес жан туса дейді оңнан Айың.
Киіз басам, қайным кеп ою-боя,
Деп жеңешем жүретін жұртқа жая.
Аза алыста, Ләззатым тойға дайын,
Ұзақ ғұмыр тілейді Еділ, Сая.
Сөз арнасын бүгін той Халық ата,
Қабыл болсын деп тілеймін берген бата.
Алла берген жасты көр бек жеңеше,
Немереге атанған асыл апа




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу