Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  85


Автор: Талғат Орманов

ДАРЫНДАР

Өмір үлгі ұрпаққа,
Бәйге тақым қысамын.
Сағыныш па, сырқат па,
Кең даламды құшамын.
Тума талант соқпағы,
Білмей қайда ұшарын.
Нарық тұстың тоқпағы,
Аз тимеді-ау Нышаным.
Тәуелсіз ел болғанда,
Ұлт болдық деп жар салдық.
Айнала жұрт толғанда,
Әнмен таңды қарсы алдық.
Қалаулысы халықтың,
Тұңғыш біздер атандық.
Қойшы ауылда жарықтың,
Аясында бата алдық.
Төл тумалық арна ма,
Төздік - жеңдік қиынды.
Шетел әні жарнама,
Талай талант сұйылды.
Бір медальмен қалғандай,
Масауырова Ғалия.
Әнші, дара, жезтаңдай,
Мұңды етем жария.
Алғабастан жүректі,
Шекербеков Жандарбек.
Цирк өнер білекті,
Тамсанатын жандар көп.
Күрес десе елеңдеп,
Елге көңіл бөледі.
Желтоқсанда желең кеп,
Терме - жырын төгеді.
Әбдуайтова Әзира,
Біздің Күләш атанған.
Бәйдібегім жазира,
Тәуір аудан атанған.
Қазатада ерлеген,
Нұрғалидай інісі.
Жаншуаққа бөлеген,
Әнде - әуез тынысы.
Арқа қозып күй тартқан,
Сұлтанбеков Бәйдібек.
Таласбай жүгі бір батпан,
Бөлісер қайда? Жаңа леп.
Шаян атын шығарған,
«Шаттық» еді шарайна.
Мың да алғыс ұға алған,
Қалың жұртым арайлы, ә?
Оспановтар отбасы,
Риза етті өнермен.
Ұлас, Бақыт арқасы,
Әділ баға көрермен.
Өркен жайған мәртебе,
Рысдәулетов Серікті.
Өнерлері бір төбе,
Аманкүлмен көрікті.
Кілең «қошқар» не күйде?
Жалғыз ару қарайды.
Бірлік-өнер бар үйде,
Ізгілік мол тарайды.
Жаратылған намыстан,
Сәбираш көңіл аулайды.
Бәйгесіз қайтпан жарыстан,
Әуезді әнмен баурайды.
Екенін не? Бал шырын,
«Ақсұңқарымнан» ұғасың.
Тым-тырыс кеште - жан құрым,
Марқайып көңіл шығасың.
Қарапайымсыз тербейсіз,
Өнерде шоқ боп жанасыз.
Түбінде әпке ерлейсіз,
Халықпен бірге қаласыз.
Әбдіхандай және бір,
Шәмші әнінің сардары.
Халық әртісі...көр де тұр,
Бәйдібектің арқары.
Кигені кілең жібектен,
Әбуова Гүлбала.
Айтарын ұғам жүректен,
Көркемсөзде дүр-дара.
Түлен түртcе сайтаны,
Қозып арқа кеткені.
Қара өлеңде айтары,
Атақ пен мақсат жеткені.
Майын сыққан қарасөз,
Эра, Баян, Роза ақын.
Азат елде дарабоз,
Дәріптеген қазағын.
Сезім-рухты шынайы,
Сіңдіреді санаңа.
Иманды істе мынайы,
Тапшы ақын балама.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу