Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  86


Автор: Талғат Орманов

ҚАЗАҚ ЕЛІ

Жаз қайраты елімнің - құрыш білек,
Желтоқсанда, сын шақта болған тірек.
Жарып шығып Одақтың құрсауынан,
Азаттыққа жеткізді жалын жүрек.
Қазағым жүрегім,
Қазағым тірегім.
Қазағым тілегім,
Қазағым түлегін.
Жүрегім, тірегім, тілегім, түлегін.
Қазақстан- байтақ жерім,
Неткен ғажап, асқар белім.
Ұлағатты ұрпақпенен,
Өс-өркенде қазақ елім.
Бірлік сақтар сан ұлт ешбір тоңбасын,
Еркін елдің келешегін оңдасын.
Төле, Қазбек, Әйтеке би салған жол,
Неткен ғажап, ұрпақтарын қолдасын.
Қазағым жүрегім,
Қазағым тірегім.
Қазағым тілегім,
Қазағым түлегін.
Жүрегім, тірегім, тілегім, түлегін.
Қазақстан - байтақ жерім,
Неткен ғажап, асқар белім.
Ұлағатты ұрпақпенен,
Өс-өркенде қазақ елім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу