Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  80


Автор: Талғат Орманов

ЖЫР-ШАШУ

Ғашық болу,
Кез-келгеннің қолынан.
Келмейтінін
Ұл-қызымнан түсіндім.
Алау жастық,
Сезім берген молынан.
Жылуымен
Үйге енді мүсіндім.
Сезім-өмір,
Жетектеген қолынан.
Жырым-тұмар,
Жақсылыққа бастасын.
Ғашық-ғұмыр
Қалдырмағай жолынан,
Жырға құмар
Ақын шашу шашқасын.
Тәуелсіз ел,
Азаттыққа мақтанып.
Өркенді әлем,
Сый тосады, бақ дарып.
Күй кешіңдер,
Бейбіт шақта шаттанып,
Көңілді өлең
Жазатын шақ ақтарып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу