Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  159


Автор: Талғат Орманов

МАХАББАТ МӘҢГІ ЕРТЕГІ

Өзіңсің еркем,
Ақмаңдай көркем,
Жүректің жақшы- ай алауын.
Сезімім желкен,
Самалмен желген,
Көңілдің тапшы- ай қалауын.
От болып жанам,
Өртеніп барам,
Сыңғырын күлкі тыймашы –ай.
Көңілім алаң,
Қасқа жол тарам,
Махаббат жырын сыйлашы-ай.
Құстардың үні,
Естілген күні,
Шаттанып көңіл қалады-ай.
Қырдан гүл теріп,
Сезімім еріп,
Жүрегім жылып барады-ай.
Шуаққа бөлеп,
Жыр болып өлең,
Жүректің сырын шертеді-ай.
Арайлы таңым,
Сезгенге жаным,
Махаббат мәңгі ертегі-ай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу