Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  88


Автор: Талғат Орманов

АУЫЛ ДЕП СОҚҚАН ЖҮРЕГІМ

Білгенге Шаян жыр еді,
Ақтарған ақын сыры еді.
Ағаны көріп Күмісбек,
Талант та бір сәт түледі.
Елгезек жігіт үн қатқан,
Еңбегі елге шын жаққан.
Жарқылдап жүреді қашанда,
Мойында жүгі зіл-батпан.
Шынайы дәйім күледі,
Қадірін достық біледі.
Сондықтан әзіл сөзімен,
Мұратты мұртты іледі.
Көрмедім сәтін күңкілдеп,
Жүргенін, сыртта күңкіл көп.
Ауыл, - деп соққан жүрегі...
Ел, десе тұрар бүлкілдеп.
Айнымай тағы қалпынан,
Тартады кейде «салқыннан».
Болашақ, - дейді ауылда,
Айналдым туған халқымнан.
Жасына ердің келіпсіз,
Білгенге бұл да еріксіз.
Екі ұл, бір қыз сыйлаған,
Гүлнардан рахат көріпсіз.
Шаршама аға, шапқыла,
Тапсырма бітер, тақ тұра!
Сондықтан, Сіздей бауырға,
Байланған, бәлкім - Бақ мына.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу