Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  82


Автор: Талғат Орманов

ОРАЛДЫҢ ОҒЛАНЫНА

(Курстасым «Құрмет» орденінің ковальері
Темір ҚҰСАЙЫНҒА)
І. ҚУАНЫШ
Арайлы ашық аспан-ай,
Жарлық шуақ шашқан-ай.
«Құрмет» орден Темірде,
Сәтте көңіл тасқан-ай.
Отбасымның сасқаны-ай,
Досты жиып, басқаны-ай.
Өзім орден алғандай,
Ләззат қазан асқаны-ай.
Өмірден сыр ұғыпсыз,
Көңілде Сіз тұрыпсыз.
Оралға тілек айтуға,
Шымқаладан шығыппыз.
Мен ұқпасам күйіңді,
Кім жазар жыр түйінді.
Іздеп Сізді бармасам,
Қашан көрем үйіңді.
ІІ. ДҮЛДҮЛ
Бәрекелді әу-демде,
«Құрмет» орден кеудеңде.
Құсайынов жарадың,
Дарабозым кең кеуде.
Сол азамат жарыста,
Топты жарып тартыста.
Бәйтерегі Батыстың,
Кенеліпті алғысқа.
Елді жиі кезбесе,
Жылылығын сезбесе.
Жанды Рухпен жазар ма?!
Очерктер өзгеше.
Отан дейді етжүрек,
Қауым-жұртпен қан жүреді.
Еділ-Жайық дегенде,
Ән шырқайды елжіреп.
Аға болдың бізге нақ,
Адал тірлік оған жақ.
Тазалықтың тектісі,
Бұл сөзіме Тәңір-хақ.
Аппақ жүзі шырайлы,
Сыртта сыпсың, сынайды.
Ел еркесі ұлтжанды,
Зат қой, жұртқа ұнайды.
Төске өрлеген тасы да,
Қоңыршасы қасында.
Бақ-береке Қуаныш,
Зиялылық басы да.
Курстас деп ойланған,
Елге сапар айналған.
Аңсап кезген шақтарға,
Сағыныштар байланған.
Жанға жақын көнерген,
Білсең билік өлермен.
Ұлттық ғұрып сақтаған,
Сіз – бізді жұрт елеген.
Курстасым досымдай,
От ойнаған жасындай.
Ықыласын Оңтүстік,
Алып келдік осындай.
Жат тірлік жоқ жасырын,
Ләзка бақ қой, асылым.
Сәлем айтты Шымкенттен,
Кенже ұлым Ғасырым.
Бізге жетер марапат,
Күй кернейді алапат.
Ұшқыр қиял көңілде,
Алла сыйы ғаламат.
Қалың халық қорғаны,
Ерттеп міндік жорғаны.
Бейнетті іспен атандық,
Оңтүстіктің оғланы.
Қашан алам сыйымды,
Деп күтпеймін жиынды.
Жырымды оқып курстас,
Дүйім халқым сүйінді.
ІІІ. ТҮЙІН
Азаттықтың арманы,
Тектіліктің тарланы.
Болсын бағың баянды,
Батыстың Бек-Оғланы.
Өткен күндер алыста,
Жарқын шақтар ғарышта.
Жасампаз күй кешейік,
Бірге айналып Барысқа.
Жақсылық жұрт жиылсын,
Бәрі Аллаға сиынсын.
Жұғысты боп атағың,
Сізден бізге бұйырсын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу