Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  65


Автор: Талғат Орманов

ОРДАБАСЫ ОҒЛАНЫ

Өмір өзен Арыстайын ағады,
Патша көңіл жұрт пейілін бағады.
Ел,-деп Отан, Туған жерін түлеткен,
Нұрмахандай бір көкем бар бағалы.
Ұлттық дәстүр терең сіңген бойына,
Жүздеспесем жаным жүдейді айына.
Орынбасар жеңгем неткен жайдары,
Бақ боп келген әулетімнің бағына.
Заман нарық «жоқ, болмайды» деген сөз,
Көп айтылып жақындарды еткен мез.
Ондай сөздер естімегем көкемнен,
Азат елде азамат боп қалар кез.
Қарапайым тілектес жан еліне,
Адал әркез өз ұлты мен жеріне.
Ынтымаққа шақырады әр сөзі,
Бірлік, Ырыс - Тутөбенің төрінде.
Ордабасы оған әркез киелі,
Мемлекетке іс атқарар жүйелі.
Артық кеткен бауырларын кешіріп,
Болмысымен арқа-жарқа сүйеді.
Содан кейін сәл жымия күлімдеп,
- Енді қайтем, ғасырлас қой «Күнім»- деп.
Ертеңіне үміт артып тұрғаны,
Жарасымды– ақ: «Аман болсын інім»-деп.
Дәл осындай пейіліңе таң қалам,
Көтерілер содан менің ой-санам.
Өзіңізбен шаттанамын, мақтанам,
Қазақшалау қадамыңа тамсанам.
Ұл-қызыңмен кеңейгенде өрісің,
Таусылмасын алысың мен берісің.
«60-тал түс» ортаймасын қуаныш,
Құда-жекжат, жора - жолдас жемісің.
Азат елде ұрпақ қамын ойлайық,
— Ертеңіне, - терең көке бойлайық.
Алаңдайық, сергек қарап бағына,
Ал, бүгінше мерейтойды тойлайық




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу