Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  71


Автор: Талғат Орманов

СҰРМЕРГЕН

Өткінші өмір әр күн сынақ ғаламда,
Тіршілікте шық түспесін жанарға.
Қадірлейік сыйластықты шынайы,
Бағалайық жандостарды барында.
Мақтау- дәріп жеткенінше лепіріп,
Жан қинамай жатар талай көпіріп.
Бір дос берген мың да шүкір Аллаға,
Сенен басқа дос бар десе, өтірік.
Қуанасың, қайғырасың сен бірге,
Ұрсып кейде түсірерсің сан күйге.
Мақтап қойып, ал соңынан сыбайсың,
Енші беріп шығарғандай Ақ үйге.
Ер жасында тұрған жоқсыз қартайып,
Тынымсыз іс жатқызбаған шалқайып.
Мұхитдин мен Нұржан нағыз бауырлар,
Алдың кеспей ардақтайды марқайып.
Курстастан Марат досың саралы,
Бауыржан сот талай істі қарады.
Нағашыда Нышан орны бір бөлек,
Болашаққа нық адымдап барады.
Кең үйіңе кім келсе де сияды,
Кәмшат жарың тәтті шайын құяды.
Айшық өрнек салған Жаппас, Генерал,
Күйде текті дарындардың тұяғы.
Самғат сері жүрген жері ертегі,
Гүлназ сұлу сезім-жырын шертеді.
Ал, Абылай өркениетке халықты,
Азат елде Би боп соңнан ертеді.
Ақылдысың бас шығарар жағадан,
Төке, Сіздей айналайық ағадан.
Дәл өзіңдей серік еткен ождан- ар,
Сенен басқа жан түсінер жоқ адам.
Біз бір ақын тұңғиықтан сыр терген,
Көкпар тартқан Еркін рухы нұр берген.
Әсем анаң Батырлардың бұтағы,
Білген жанға Сіз бір дара Сұрмерген




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу