Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  109


Автор: Талғат Орманов

ОТЫРАРДЫҢ ОҒЛАНЫ

Аллам бізді жаратқан соң келісті,
Кеңейтетін кез келгендей өрісті.
Отырардың Оғланы бол бауырым,
Шақ туғандай елге берер жемісті.


Ішіп-жеуден шаршағанда жүздестік,
Кездескеннен арада жоқ күндестік.
Жымиясың жайдары жолыққанда,
О-тәңірім неткен бізде үндестік.
Айқайшылдан салиқалы ығасың,
Елбасыны тереңірек ұғасың.
Болғаннан соң:- Туған жерді түлету,
Басты мақсат,- үдеден сен шығасың.
Қайтеміз сол айта беріп терісті,
Өмір жалған бітпейтін еш керісті.
Бәтуамен бірлік сақтап ойлайтын,
Кез туғандай Желмаямен желісті.
Жат-жұрттықтар тілдің бізін сұғуда,
Сан ұлт өкіл ұлт бірлігін ұғуда.
Ол аздай-ақ, теберіктей тарихтан,
Үстін-үстін «Алтын адам» шығуда.
Болғанменен қу дүниеге ептілік,
Көршілерде іші күйген жоқ ілік.
Бізді сақтап, мәшһүр еткен - Әлемге,
Білсең бауырым, Ата дәстүр – Тектілік.
Сәйгүліктей сипатпаған сауырын,
Шыдай біліп, қабылдаған ауырын.
Сабыр сақтап, ұға білген Ел мұңын,
Арыстарым риза еткен қауымын.


Біз солардың соңындағы ұрпағы,
Терең ойлап, болсақ жарар жұрнағы.
Атлас көйлек, түрлі шапан кигендер,
Көзің тайса орға бәлкім жығады.
Ел қорғаны алғы кезек елімде,
Ор қазғандар тез-ақ түсер көріне.
«Ұялаған бозторғай қой үстіне»,
Таяу заман сөзсіз туған жеріме.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу