Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  147


Автор: Талғат Орманов

ОТАНЫМ - АСЫЛ ҰЯМ

Қызмет абзал жанға көрік береді,
Ал, азамат қызметті көріктендіреді.
Деген сөзі бабалар бізге қалған,
Аманаттай білгенге ерік береді.
Мақтау айтып оңаша көз қылады,
Мұңын шаққан талайлар ез қылады.
99 жақсылық жасап бір рет,
Қолдан келмей қалса да сөз қылады.
Басшысымақ төрде отыр қызметте,
Тірлік мәні секілді құзыретте.
Таң атады, кеш батып, түсі суық,
Кімге опа бермекші, қызмет пе?!
Көнбіс халқым шалғайда жүрген шыдай,
Топқа енсем жарасар сөзім ұдай.
Орталықта өркениет адамдар пәс,
Кездеседі тобырлар, сақта Құдай.
Жақпағанмен сізге сөз көпке ұнар,
Сырт біледі деген ғой жұрттан сұрар.
Ағайын деп, туысқан жалпылдаймыз,
Маған бауыр, ұлтжанды сөзге тұрар.
Еккен талың бауырым көгеріп-пе ей,
Безере бермесейші кек өріктей.
Ылдым-жылдым дүние ол да жалған,
Жаратты Алла біздерді теберіктей.
Тәлім алғам озық ой даралардан,
Қабдолов, Амандосов дара тұлғам.
Қожакеев, Өмірбек Жолдасбеков,
Әңгімесін зерделеп сара болғам.
Туған жерім, Отаным - асыл ұям,
Ұрпақ үшін маржан сөз теріп-жиям.
Азат елді бар арман асқақтату,
Қажет етсең өзіңе өмір қиям.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу