Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  81


Автор: Талғат Орманов

ТУҒАН ЖЕР ТҰРАҒЫМ

Күлімдеп жай ғана,
Желекті аймала.
Сары-көк құлпырған,
Гүл толы айнала.
Боралдай ағыны,
Көк майса шалғыны.
Көз тоймас Қостұра,
Тау бір сәт қалғыды.
Инелік иір су,
Құлпырып жасыл ну.
Сезімді баурайтын,
Үкілі арман қу.
Құстары шулаған,
Балығы тулаған.
Елес боп балдәурен,
Тіршілік зулаған.
Қаратас, Теректі,
Ұл-қызың зеректі.
Көз тоймас ғажайып,
Ауылым көрікті.
Құлпырып құрағың,
Бал татыр бұлағың.
Өзіңмен бақ қонған,
Туған жер тұрағым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу