Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  87


Автор: Талғат Орманов

СЕН ЕЛБАСЫ САРДАРЫ

Амансың ба? бауырым,
Деген сәтте: тәуірім.
Секілді боп тұрады,
Сәлем айтқан қауымым.
Ел аңсаған жауынын,
Тәңір берер дауылын.
Ашкөзденіп барады,
Қара қазақ қауымым.
Ақшасы көп “іседі”,
Тәубесіне түседі.
Аспа, таспа жеміс те,
Мезгіл жетсе піседі.
Таусылмайтын арманы,
Ерттеп мінген жорғаны.
Түн ұйқысын төрт бөлген,
Сен- Елбасы сардары.
Кемшін істі жоясың,
Сергек жастар оянсын.
Үлгі болсын туған күн,
Үйде тойлап қоясың.
Қыз қияға, ұл ұя,
Қонар досым зым-зия.
Шай беретін шағың ғой,
Ағайынды бір жия.
Жұртпен де жоқ шатағың,
Мақалұлы атандың.
“Әкеге тартқан ұл” - деген,
Қарақұмнан ат алдың.
Қаңғып кетем түздерге,
Салып соқпақ - іздерге.
Жарасады жаңалық,
Ұлтты ойлаған біздерге.
Сыйластықты үзбейміз,
Сағына күтер Күздейміз.
Сендей болсын Нар қазақ,
- Деп, Өзіңді іздейміз.
Шын дос сырын түйеді,
Іс түскен шақ күйеді.
Амалдаған ағайын,
Мың сылтауын үйеді.
Жақсы атың тарасын,
Ұлтжандыға жарасым.
Тектіліктің сарқыты,
МАҚАЛОВ боп қаласың.
Ер жасына еріксіз,
Мұрат досым келіпсіз.
Ай шуақты Ақмарал,
Айдынында желіпсіз.
Көкем - шырақ, ерен Ер,
Еңбегі еткен еленер.
Келер кезек бауырым,
Ықыласқа бөленер.
Ұлт тірлігі қайығым,
Аман болсын Жайығым.
Маңдай терлі еңбекпен,
Келіп кетер байығым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу