Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  160


Автор: Талғат Орманов

ҚАРИЯСЫҢ-ҚАЗЫНА

Жаппаров десе жұрт білер,
Отырарлық Қария.
Кездессең әзіл сөз ілер,
Көңілі дархан дария.
Көнекөз аңыз шертеді,
Ұйып та тыңдар көрермен.
Секілді шырын ертегі ,
Бесікке бала бөлер ме ең?!
Атырау-Алтай арасы,
Ол айтса тіптен жақын-ақ.
Ұрпақтың өсер санасы,
Зерделе бауырым мақұл-ақ.
Тарихтан қозғай салады,
Жанында Димаш жүргеннен.
Асанбай қазақ дарасы,
Ол жайлы айтар көргеннен.
Аң-таң да қалар талайлар,
Кеңестің ардагеріне.
Әкімдер әркез қарайлар,
Бас иіп ардақ еліне.
Тоқсанға толды қазына,
Ақсақал жүр ғой есіле.
Арулар айтқан назына,
Әзілдей берер шешіле.
Аталы сөзі жария,
Дәстүрге сай қылықты.
Баталы бүгін қария,
Мереймен шыңға шығыпты




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу