Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  60


Автор: Талғат Орманов

НАР АҚЫНҒА

Құдіретін қара сөздің,
Тым ертелеу сезінген.
Жеңешемдей қара көздің,
Мейірімімен көз ілген.
Нармахандай бір ақынды,
Сан қырынан танытсам.
Деген ойым жөн ақылды,
Жалпы жұртта қанықсаң.
Не бітіріп, не тындырды,
...Бала, аға, көкеміз.
«Қараспан», - деп жан шыңғырды,
Көпке жырлап өтеміз.
Ордабасы ойран болған,
Қиыршық тас бағалы.
Шақта шерге кеуде толған,
Аға болды жағалы.
Азаматтық жігері Нар,
Сырттан ұстаз тұтамыз.
Аз ба бізде тілеуі тар,
Шекіссек не ұтамыз?!
Ақындығың мойындалған,
Төлеген мен Мұхтардан.
Аудармаңнан пайым алған,
Жан сезімін құптар һәм.
Сендегі әлем тым ерекше,
Арыс бойы жиделер.
Тыныс алсай жан керекше,
Сырлы үмітпен күйге енер.
Қарапайым қазақшалау,
Лирика-жыр жазғаның.
Рух-жігерің жанға жалау,
Осы-ау, дара озғаның.
Бас иеді таланттарға,
Алматы һәм Астана.
Төрде орның «бермен қара,
Не бітірді жас бала».
-Деген ойлар өзекті өртеп,
Жаның тыныш таппаған.
Ел - деп, Отан талай шеттеп,
Ешкімге сыр сатпаған.
Махаң барда, Байекең бар,
Хан қызы бар жаныңда.
Желіп өт те желісіңмен,
Сексен-тоқсан адымда.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу