Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  85


Автор: Талғат Орманов

ТЕКТІНІҢ ТӨРЕ ТҰЯҒЫ

/Ұлы Отан соғысы мен еңбек ардагері
Мірәзұлы Төренің 90 жылдығына/
Шабытым жалын от болып лаулап жанардай,
Мірәздай ата болжаған нәсіп болардай.
Бір түйір дәнек - еді ғой Төре әулетте,
Бозбала ғұмыр тау-таспен үндес толағай.
Көргенді бала Отанын сүйді - орманын,
Аңдармен сырлас, майданда болды қорғаның.
Жарадар болып жатса да күдер үзбестен,
Хат жазған солдат сыйғызып елге арманын.
Зеңбірек, танкі, маңайды отқа ораған,
Қып-қызыл жалын, дым қалмай үй мен қорадан.
Шаңырағы ойран, зарлаған жесір - Ел мұңы,
Іздейді жарын боздақтар жатқан моладан.
Қара қағаз алған, өшкені Мірәз жағылды,
Жылаған бауыр, ақмоншақ үміт тағынды.
«Жарығым менің, аман-сау елге оралшы»,
- Деген бір сәтте үйіне қонақ ағылды.
Қабыл боп көптің батасы жұртқа жоралғы,
Сұрмерген Төре жеңімпаз жігіт орамды.
Күштімін демей, батырмын демей майданнан,
Бірі боп көптің, Билікөліне есен оралды.
Дәстүрді сақтап, келтірмей елге жаман ат,
Ұнатты көптен Зухраны қалап, мархабат.
Тербетіп бесік, атқызған таңдар ұйқысыз,
Шақтары бәлкім, белгісі болар махаббат.
Сары май шылап, тапа нан жеген шақтарың,
Қызылды-сары гүл терген жасыл бақтарың.
Шығармай естен Жұрынсай менен Амансай,
Аралап кезген, дейтіндей шағың ақтарыл.
Төрт бала бірдей студент шақтар жадында,
Күмілжіген жан жоқ: - Аршында, - дейді, адымда.
Ертең-ақ, бәрі елес боп қалар естелік,
Мақсатсыз адым, үмітсіз болмас қадымда.
Берікқара бойы тұнған-ау, тегіс жеміске,
Төрт түлік жайсаң, малға да жайлы өрісте.
Қыдырдың қызы арқасы бүгін білгенге,
Ұл-қыздар оқып, тәліммен жетсе жеңіске.
Қосағын сыйлап, ардақтап өткен санасы Ар,
Мың алғыс айтсақ апаға Зухра жарасар.
Тоқсанға толды тектінің Төре тұяғы,
Деп бір сәт айтсақ, кім бар-ау бізбен таласар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу