Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  67


Автор: Талғат Орманов

СҰЛТАНБЕКТІҢ РУХЫМЕН ТІЛДЕСУ

Өнер тамған қолымызда он саусақ,
Күнгей тұстан, Теріскейге бет бұрсақ.
Он жыл бопты, біз кезгелі Созақты,
Не бітірдік, ой жіберіп ден қойсақ.
Тірлік оңды, істе тамам айтар тұс,
Шалғай ауыл, қаһарлы екен мұнда қыс.
Одаманнан қалықтап бір қарсы алған,
Көсегеннің көк жонында қыран құс.
Дәл сол сәтте, жанға қанат біткен-ді,
Бәлкім тарих, жарқын күнін күткен-ді.
Бізге қызмет халық үшін берілді,
Деген қос ұл, бүгін жазар өткен-ді.
Қарт Қаратау айыққан ба жарадан,
Экология - дүр сілкінген бар адам.
Қиянаттың құрсауында қалғансың,
Ұлтың үшін, атылғансың жаладан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу