Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  92


Автор: Талғат Орманов

ГЕНЕРАЛҒА

Тұлғаға басыңды идің,
Күн тұрды бұлттанып.
Көңілге мол сыр түйдім,
Генерал Сұлтанов.
Ұрпақ деп елендіңіз,
Ақ жүрек аңқылдайсыз.
Шуаққа кенелдіңіз,
Жеңіспен жарқылдайсыз.
Реңді етіп жаратқасын,
Өмірді сұлу сүрдің.
Өзгеден мысың басым,
Болғасын биік тұрдың.
Қай тірлік бастасаңыз,
Бір Аллам Сізді таңдар.
Игі іс жалғасаңыз,
Бәйдібек бабаң қолдар.
Еркіндік тұла бойда,
Тірелген ождан-арға.
Бәлкім, Бақ- текті ойда,
Сергейдей досың барда.
Сөйлессең ләззат алар,
Зиялы дархан көкем.
Тыңдасаң тек таң қалар,
Пейіліңді жырлап өтем.
Оңтүстік сүйінеді,
Сыртыңнан қаққан таңдай.
Көре алмас күйінеді,
Пілтесі сөнер шамдай.
Ұл-қыздар қанаттанған,
Немере одан тәтті.
Есімің ардақталған,
Қадамың әркез сәтті.
Тәртіпке болдың темір,
Генерал еленгелі.
Жеңісбай сүрген өмір,
Ұрпаққа өнегелі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу