Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  80


Автор: Талғат Орманов

ОРДАБАСЫ

Атақоныс Күнгей мен Теріскейім,
Тыныс ашар самалмен желістейін.
Қарт Қаратау тәкаппар Құлжасындай,
Көк жонында көсеге өрістейін.
Атақоныс бақ қонған Ордабасым,
Ынтымақ пен ырысты кәрі-жасың.
Төле, Қазыбек, Әйтеке бәтуасы,
Дөңгелеткен биікте өрде тасың.
Таскөмірсай , Алтынтау, Қызылкөлім,
Ел деп туған ұлтжанды біз бір төлің.
Қарабұлақ, Көкалаң, Басбұлақта,
Шөл қандырған демін ап, қалың елім.
Таңбалытас, Қостұра ғажап едің,
Дәстүріне бабалар сай түлегің.
Домалақ ана, Ақмешіт, Қызәулие,
Тылсымымен әйгілі Бәйдібегім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу