Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  161


Автор: Талғат Орманов

БАБАЛАР РУХЫ

Басыңа қыдыр қонғасын,
Бейнеңді ұрпақ сомдасын.
Бәйдібек баба, бес ана,
Нұрила жолды оңдасын.
Тосыннан жауың шапқанда,
Көкбөрі болдың ақпанда.
Азаттық аңсап, ширығып,
Сын шақтан сүрлеу таптың да.
Бәйдібек баба данасың,
Ұрпаққа өскін санасың.
Ескерткіш қойды ардақтап,
Бейнеңмен асқақ дарасың.
Аз болмай алыс-берісің,
Отаншыл рухың-жемісің.
Тәуелсіз таңы атқанда,
Кеңейіп жатыр өрісің.
Ұрпағың өжет, қорғашы,
Сын сәтте тірлік-оңдашы.
Бейбіт күн болып, өркенге,
Жетейік, баба қолдашы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу