Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  98


Автор: Талғат Орманов

САРЫ АЛА КҮЗ САҒЫНЫШ

Қолға қалам алдырған Алтын Күз бе?
Мына бізден дегендей күдер үзбе …
Тіршілікке бағамдап көзіңді сал,
Жиын-терін молшылық мына бізде.
Шаруа да қам жасар келер күнге,
Сары - ала жапырақтар мүлгіп түнде.
Жалғандығын паш етіп замананың,
Сабағынан үзілер желмен бірге.
Келмегендей көргісі қаһар қысты,
Түсі суық, аққырау мезгіл сұсты.
Үзілуде жапырақ әуенменен,
Сылаң қаққан арудай іші пысты.
Алтын күзбен сырлы шақ жоғалады,
Құс базары жылы жақ сағалады.
Көңілімді қалдырған достар жайы,
Сағыныш боп көктеммен оралады.
Күзгі салым қой қырқып мен де бітем,
Қыс бойы апамменен жүнін түтем.
Күн жылт етсе көктемде киіз басу,
Керек қой, сол бір шақты аса күтем.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу