Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  75


Автор: Талғат Орманов

СӘУІР ТӘУІР

Күн күлімдеп жайдарлы келді сәуір,
Ойласаң ұлт тірлігін жағдай тәуір.
Боларына алаңсыз сенгін достар,
Келмес-ау біздің өмір, деуге ауыр.
Азаттықпен бақ келді ұлтым ұғын,
Небір тұлға қазақтан шықты бүгін.
Майдангерлер соңғы көш ұмытпайық,
Нәубет-жұтта Арыстар болған шығын.
Сылтау айтпа бауырым, бейбіт күнге,
Өркениетке үлес қос, ойлан түнде.
Бейқам тірлік көтермес шолжаңыңды,
Серпілгін де топ жарып, алсай жүлде.
Жылқы жылы бауырлар, тасып-толғын,
Тастүлектей қанат жай, биік шолғын.
Сәйгүліктей сауырын сипатпастан,
Қазағымнан әлемде дара болғын.
Үш мүшелден ел-жұртым маздап-жанғам,
Қостұрадан бойыма қуат алғам.
Сылаң қаққан Боралдай ,үміт жаста,
Қайратты-жігерімен қанаттанған.
Ақын-Әлем ақсұңқар қалықтаған,
Дүниені кең шолып шарықтаған.
Пайымдыға маржанбыз, білмеске арзан,
Армандаудан ешқашан жалықпаған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу