Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  122


Автор: Талғат Орманов

Киіз үйден келін шықты қолда шелек

Киіз үйден келін шықты қолда шелек,
Бие сауу ол да өнер жөні бөлек.
Дауа іздесең деніңе саумалдан іш,
Ей, бауырым, денсаулық бізге керек.
Болмаса Нар идіріп қымыран іш,
Дертке шипа болады бойыңа күш.
Жоқтан өзге ойлардан тазарасың,
Іс түзелер, тәуірлеу көрген соң түс.
Одан қалса ағайын сиырды сау,
Таза ауада мал баққын, аралап тау.
Жұмыс жоқ деп, - зарлауды доғар-дағын,
Тал қалсын, - деп атадан отырғыз бау.
Жайқалған Атамекен атырабы,
Көрген жан тамсаныспен «аһ» ұрады.
Босқа жүрмей қалада қайтсаңдаршы,
- Деп, Туған жер ауылға шақырады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу