Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  103


Автор: Есләм Зікібаев

АЛМА

Көркейткен ауланы
Көріңдер алманы.
Тіліңді үйірер
Тəп-тəтті бал дəмі.
Алатау төсінен
Аулама көшіргем.
Тал шыбық кезінен
Мəпелеп өсіргем.
Мəуелеп əлі де,
Келеді сəніне.
Піскенде жейсіңдер
Жетеді бəріңе.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу