Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  99


Автор: Есләм Зікібаев

КӨЖЕК

Жазда – қоңыр,
Қыста – ақ,
Секеңдеген ұшқалақ.
Қойдан жуас,
Момақан,
Қолға үйретсең ұстап ап.
Қысыңқылау көзі ептеп,
Айта алмайсың:
Өжет деп
Елдің бəрі күледі,
Қалтыраған көжек деп.
Қорқақтығы бар рас,
Əрі аңқау,
Əрі жас.
Ал мен білсем –
Өзінің
Жамандыққа жаны қас.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу