Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  83


Автор: Есләм Зікібаев

ҚҰС КӨКТЕМ

Көктем келді
Құстар келді – көл сəні,
Той емей не,
Төңірекке толса əні.
Дирижердің таяғындай жас талды
Тербелтетін дала хоры басталды.
Құс көктемге,
Көктем құсқа ілесіп,
Кең өлкемде əуен есіп, жыр есіп,
Əрі кіріп əнге толы ұялар,
Қуаныштан көңілге нұр ұялар.
Құстар құстар тіршіліктің сəні де,
Қайта басты алуан сазды əніне,
Əнімен де
Сəнімен де не түрлі
Құс пен көктем бір жүретін секілді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу