Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  117


Автор: Есләм Зікібаев

МЕНІҢ ПАПАМ – МҰҒАЛІМ

Менің папам – Мұғалім
Əдебиет маманы.
Көкке самғар қиялың,
Тыңдағанда сабағын.
Сабақ беріп тұрғанда,
Мен папама қараймын.
Жатқа айтады мұндайда
Өлеңдерін Абайдың.
Папам сөзін беріле
Тыңдаймыз біз əрдайым.
Аңғармаймыз көбіне
Сабақ бітіп қалғанын.
Сөйлескім келіп тұрады,
Үндемеймін алайда,
Өйткені ол мұғалім
Басқаға да
Маған да.
Кластағы баланың
Бірдей қазір бəріне
Папам бола қалады
Үйге келсе, əрине.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу