Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  82


Автор: Есләм Зікібаев

БОТАЛАРЫ ҚАЙДА ЕКЕН

«Маң, маң, маң, маң... маң басқан
Шудаларын шаң басқан»
Түйелердің соңынан
Жүгіреміз қалмастан.
Көрмеген соң тосын ба,
Бізге қызық расында.
Байғұстардың неге жоқ
Боталары қасында?
Белден белге асады,
Көбіктерін шашады.
Бақырғанда барынша
Бала біткен қашады.
Өркештері май ма екен,
Жүргендері жайлы екен.
Атам, əжем айтатын
Боталары қайда екен,
Боталары қайда екен?..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу