Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  85


Автор: Есләм Зікібаев

ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ

Жаздың да бар үш айы,
Күздің де бар үш айы...
Ұласады көктемге
Қарлы, зəрлі қыс айы.
Өмір солай алға асып
Бір-біріне жалғасып,
Уақыт өтіп барады
Келер күнге таң ғашық.
Күннің де өз есебі –
Шындық солай деседі,
Бүгін болды – бүгінім
Кешегі күн – кеше еді.
Жаз артынан күз келіп
Күз артынан қыс келіп...
Көктем жазға жалғасып
Кететіндей түстеніп...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу